2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде көбінесе қар түрінде, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ болады.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлеріде найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлеріде тұман түседі.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз СолтүстікҚазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады.
Қызылорда, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.