29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2009 жылы дәл осы күні Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдады.
Енді осы датаға орай Қазақстаннның Ядролық қаруға тыйым салу туралы құжатының ратификациялау грамоталарын табыстау шарасы өтеді.Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл Тұңғыш президенттің 2045 жылға қарай ядролық қарусыз әлем құру бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды.
Сондай-ақ мереке қарсаңында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш үндеу жасап, әлем елдерін аталған келісімді ратификациялауға шақырды.
Оның айтуынша, бұл күнді барлық ядролық қарудың көзі жойылмайынша атап өту қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы