29 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 шілде, сәрсенбі күні елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
29 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты сақталады – найзағайлы жаңбыр, солтүстік-батыстың кей жерінде қатты нөсер жауады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде тұман түсуі ықтимал, - делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерінде – тұман түсуі мүмкін.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде – дауыл соғады, бұршақ жауып, желдің күшеюі мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қостанай облысының кей жерінде дауыл соғады, бұршақ жауады Жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Атырау, Қызылорда облыстары, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.