29 сәуірдегі ауа сапасы қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның көптеген қалаларында 29 сәуір күні жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2020 жылдың 29 сәуірі күні жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаспайды немесе ауа ластанбайды, – делінген хабарламада. 
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы