29 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 қаңтарда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда кей уақыттарда күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қызылордада түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, тұман.

Шымкентте кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы