Кеше 2026, 22:33
Фото: Сentrumair.com
29 наурыздан бастап Ташкент пен Астана арасында аптасына үш рет ұшақ қатынайды
Ташкент пен Астана арасында аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшақ рейстері жүзеге асырылады.
29 наурыздан бастап өзбекстандық Centrum Air әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстер орындай бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпаратты Астана әуежайының баспасөз қызметі таратты.
Рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Ұшулар Airbus A320 ұшағымен орындалады. Жол жүру уақыты шамамен екі сағатты құрайды.
Барып-қайту бағытындағы әуе билеттерінің ең төменгі бағасы (багажсыз) 85 мың теңгеден немесе шамамен 171 АҚШ долларынан басталады.
Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын дамытуға, сондай-ақ іскерлік, туристік және отбасылық қатынастарды кеңейтуге ықпал етеді, – делінген хабарламада.