29 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шығыс, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, екпінді жел сақталады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп болжанады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с артады.

Түркістан облысында таңертең және күндіз, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысында, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарын тұман басады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы