29-30 тамыз аралығында елорданың М1 көпіріндегі қозғалыс тоқтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде М1 көпірінде маршруттық әдіспен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 29-30 тамыз аралығында автокөлік қозғалысы үшін көше ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда өткен тәулікте 150 адам коронавирусқа шалдыққан
Өзгелердің жаңалығы