284 млн теңге жалақы берешегі: 400-ден астам жұмыскердің айлығы төленбеген
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыскерлердің еңбек құқығы қорғалды.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 354 жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1 мыңнан астам фактісі белгілі болды.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым берілді және 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2026 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1125 тексеру жүргізді, оның барысында 1228 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1055; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 161; халықты жұмыспен қамту бойынша – 12.
Айта кетейік, қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.