28237 әскери бөлімінің жеке құрамы шұғыл көмекке аттанды
28237 әскери бөлімінің жеке құрамы шұғыл көмекке аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы Қостанай қаласындағы су басу қаупінің ұлғаюына байланысты 28237 әскери бөлімі 2-құтқару батальонының 80 әскери қызметшісі күндізгі сағат 13.00-де «Төтенше жағдай» дабылы бойынша көтеріліп, Алматы қаласындағы Халықаралық әуежайдан әуе жолы арқылы 2 рейспен ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери ұшақтарымен Қостанай қаласының зардап шеккен елді-мекендеріндегі су тасқынының салдарынан туындаған төтенше жағдай салдарын жою бойынша авариялық-құтқару және алдын алу жұмыстарын жүргізуге шұғыл аттанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы