Түркістанға 2800 жыл – қала әкімі тарихи мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанға 1500 емес, 2800 жыл екенін әкімнен басқа, археологтар мен жоғары деңгейдегі сарапшылар да мәлімдеді. Жергілікті билік бастамасымен өткен алғашқы отырыста ғалымдардың алдын ала тұжырымдары айтылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Біз бүгінгі кездесу барысында осы идеяны қалай насихаттауды ойластырдық. Негізінде фактілер бар, алайда енді нақты дәлелдер қажет. Дәлелдер біздің археологтардың қолына түскен кезде оларды жұртшылыққа таныстырады. Археолог Айсұлу Ержігітованың нұсқасы бойынша, қаланың жасы 2200 жылдан артық болуы мүмкін, себебі Күлтөбе учаскесінде әлі егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан уақыт керек, кейін осы тамаша Түркістан қаласына қанша жыл толғанын білеміз»,- деп түсіндірді Орталық Азия халықаралық зерттеу институтының директоры Дмитрий Воякин.

Облыс орталығының әкімі соңғы шешім 2020 жылдың қараша айында ғана жарияланатынын айтты. Қаланың ресми күні бойынша ақпаратты соңғы шешімді қабылдайтын ЮНЕСКО-ның ресми өкілдері мәлімдейді.

Әртүрлі мамандар зерттеулер жүргізіп, біздің Түркістанның жасы 2000 жылдан, тіпті 2800 жылдан көп деген ақпаратты растады. Мен бұл мәліметтер расталатынына сенімдімін, - дейді Түркістан әкімі Рашид Аюпов.

Еске сала кетейік, 2000 жылы Түркістан өзінің 1500 жылдығын ресми түрде атап өткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы