280 млн теңгеге пайдалы қазбалар заңсыз өндірілген

Ақмола облысы бойынша департаменті тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты іс аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА-ның мәліметінше, тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды. 

Нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 млн теңге заңсыз кіріс алған. 

Сот үкімімен сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтеп, 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы