28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Оңтүстік және шығыс аудандарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерінде 25 м/с, кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-28 м/с күшейеді.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады.