28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Қар теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын жалғастырады. Сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Кей өңірде түнде жауын-шашын жауады (көбіне жаңбыр), күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр қатты жауатыны күтіледі. Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, 15-25 м/с екпінде жел тұрады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ болжанады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с артады.
Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Жамбыл облысында оның екпіні 23 м/с артады.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болжанады.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерінде 1-3 градус үсік сақталады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.