27 Сәуір 2025 2025, 21:18 Фото: shutterstock

28 сәуірде ауа райы қандай болады

Қазгидромет дүйсенбі, 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидромет дүйсенбі, 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт тұрып, күндіз +25+27 °C жылы болады.

Алматыда күн ашық, ауа температурасы +29+31 °C.

Шымкентте аптап ыстық басталып кетті: +34+36 °C.

Ақтауда күн +15+17 °C жылы. Ақтөбеде +12+14 °C, Атырауда +13 +15 °C жылы. Оралда жаңбыр жауады, сынап бағанасы +5+7 °C.

Қостанайда +18+20 °C, Петропавлда +21+23 °C, Көкшетауда +23+25 °C. Үш облыста да жаңбырлы ауа-райы күтіліп отыр. Павлодарда күн ашық +23+25 °C.

Қарағандыда жаңырлы ауа-райы болады +25+27 °C, Жезқазғанда күн ашық, +29+31 °C.

Өскеменде жаңбыр +25+27 °C, Семей ала бұлтты +26+28 °C.

Талдықорғанда күн +31+33 °C ыстық, Қонаевта +29+31 °C болады.

Оңтүстік облыстарда қазірден шіліңгір ыстық : Таразда +33+35 °C, Түркістанда +36+38 °C, Қызылордада +35+37 °C