28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронталды бөліктер әлі де еліміздің басым бөлігінде ауа райының құбылып тұруына ықпал ететін болады.
Яғни елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыс пен орталықта – жаяу бұрқасын болады.
Түркістан облысының кей жерлеріне найзағай түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с болады.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел соғып, жаяу бұрқасынның күшімен жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.