28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстіктің кей жерінде жаңбыр қатты жауады, тек батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.