28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 300-ден астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған.

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты.

Жалпы учаскелік комиссия жіберген қателік салдарынан 300-ден астам отбасына 28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған. Қазір соның 14 миллионы кері қайтарылды. Заңсыз қаржы толығымен кері қайтарылуы керек, – деді Әсия Темірбаева.
Биыл Түркістан облысында 41,5 мың отбасына 11,2 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы балаларына әлеуметтік пакет берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы