26 Маусым 2024 2024, 14:04 Фото: -архив

28 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің Телеграм каналына сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің Телеграм каналына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 28 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – делінген Өкім мәтінінде.