28 мамырда 18 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 мамырда Қазақстанның 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Жезқаған қ.: 28 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 28 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 28 мамырда найзайғай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Павлодар қ: 28 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының тау етегіндегі аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 28 мамырда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екіпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады
Ақтөбе облысында солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 28 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай: 28 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 28 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.