28 қазанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.