28 қарашада Қырғызстан парламенті депутаттарының қайта сайлауы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан парламенті депутаттарының қайта сайлауы 28 қарашада өтеді.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кенеші депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Президенттің Жарлығымен биылғы жылдың 28 қарашасында Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кенешінің жаңа шақырылымының депутаттарын сайлау күні белгіленді, - делінген Қырғызстан Президентінің сайтында.

Жоғарғы Кенештің 54 депутаты бірыңғай сайлау округі бойынша пропорционалды жүйе бойынша (Саяси партиялар кандидаттарының ашық тізімдері бойынша) сайланады, 36 депутат бір мандатты сайлау округтерінде мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.

Жарлық бүгінгі күннен бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы