28 динамо спортшысы Бейжіңде Ұлттық құраманың намысын қорғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада ұлттық құрама XXIV (24-ші) Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Бейжіңге ұшып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 82 олимпиадалық лицензия жеңіп алған болатын. Ұлттық олимпиадалық команда құрамына кірген 32 спортшының 28-і динамошылар.
Тәуелсіздік жылдары қазақстандық спортшылар жеңіп алған 72 олимпиадалық медальдың 60-ы «Динамо» қоғамының өкілдеріне тиесілі. Айта кету керек, ұлттық құрама командаларының 80%-дан астамын динамо спортшылары құрайды.
Олар әртүрлі спорт түрлері бойынша өнер көрсетеді. Сондай-ақ, 44 олимпиадалық спорт түрінің 36-сы «Динамода» дайындалады. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы даярлығына жәрдемдесетін елдегі ең көне спорт ұйымдарының бірі.
Тоқсан мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкері осы қоғамның мүшесі болып табылады. Олар 15 аумақтық филиалдағы 445 дене шынықтыру ұжымына біріктірілген. Қоғам бұқаралық спортты, дене шынықтыру-спорт қозғалысын, жастарды тәрбиелеу бағытында қызмет атқаратын бірегей спорт ұйымы болып табылады.