22 Ақпан 2025 2025, 12:35 Фото: depositphotos.com

-28-ден +18 градусқа дейін: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” 22 ақпандағы Қазақстан қалалары мен өңірлеріндегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

“Қазгидромет” 22 ақпандағы Қазақстан қалалары мен өңірлеріндегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада ауа райы  бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Температура түнде -12…-14°C, күндіз -2…-4°C.

Алматыдакүн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 2-7 м/с. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +8…+10°C.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 5-10 м/с. Температура түнде 0…-2°C, күндіз +16…+18°C.

Ақмола облысында батысы мен солтүстігінде қар жауады, боран соғады. Солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -10…-15°C, солтүстігінде -18°C, күндіз -1…-6°C, солтүстігінде -10°C.

Көкшетауда күн бұлтты, түнде қар, боран. Жел 5-10 м/с. Температура түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Түнде таулы аймақтарда тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде -0…-5°C, солтүстігі мен таулы аудандарда -10…-15°C, күндіз +7…+12°C, таулы аудандарда -3…+2°C. Қонаев қаласында да күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел 9-14 м/с. Температура түнде -3…-5°C, күндіз +7…+9°C.

Жетісу облысында да жауын-шашынсыз. Алакөл көлдерінің маңында жел 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура түнде -7…-12°C, оңтүстігінде -3°C, таулы аудандарда -17°C, күндіз +3…+8°C, оңтүстігінде +11°C. Талдықорған қаласында  күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Температура түнде -8…-10°C, күндіз +6…+8°C.

Түркістан облысында кешке таулы аудандарда жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Жел 8-13 м/с, таулы асуларда 15-20 м/с. Температура түнде -2…+3°C, солтүстігінде -5°C, күндіз +15…+20°C. Түркістан қаласында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Температура түнде 0…-2°C, күндіз +16…+18°C.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар, боран, күндіз қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде қар қалың жаууы мүмкін. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -10…-15°C, оңтүстігінде -7°C, күндіз -3…-8°C, оңтүстігінде 0°C. Орал қаласында да күн бұлтты, қар, боран. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -10…-12°C, күндіз -3…-5°C.

Атырау облысында түнде қар, оңтүстігінде қалың қар жаууы мүмкін. Күндіз қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -7…-12°C, оңтүстігінде -3°C, күндіз -3…-8°C. Атырау қаласында күн бұлтты, түнде қар, боран. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с. Температура түнде -8…-10°C, күндіз -4…-6°C.

Маңғыстау облысыда батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Жел 9-14 м/с, батысында 15-20 м/с. Температура түнде -2…-7°C, оңтүстігінде -10°C, күндіз 0…-5°C, оңтүстігінде +3°C. Ақтауда күн бұлтты, қар, көктайғақ. Жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-18 м/с. Температура түнде -3…-5°C, күндіз 0…-2°C.

Қызылорда облысында Күндіз солтүстігі мен орталығында жаңбыр жаууы мүмкін. Жел 9-14 м/с. Температура түнде -0…-5°C, күндіз +8…+13°C, солтүстігінде +4°C. Қызылорда қаласнда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Температура түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с. Температура түнде -4…+1°C, таулы аудандарда -8°C, күндіз +12…+17°C. Тараз қаласында бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 9-14 м/с. Температура түнде -1…-3°C, күндіз +15…+17°C.

22 ақпанда Қазақстанда ауа райы әртүрлі болады. Солтүстік және батыс өңірлерде аяз, қар, боран мен көктайғақ күтіледі, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жылы, күндіз +10…+20°C-қа дейін жетеді. Қазақстанның кейбір аймақтарында күшті жел тұрып, көктайғақ болуы мүмкін. Сақтық шараларын ескеріңіз!