28 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер 28 ақпанда елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысында батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы