Елімізде қолайлы метеожағдай күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 ақпанда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 2020 жылдың 28 ақпанында ауа райының ластануы үшін қолайсыз ауа райы күтілмейді, - делінген хабарламада.

 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы