28 ақпан - жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 28 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ығысып бара жатқан циклон және оның атмосфералық ағындары Қазақстанның көптеген бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Кей жерлерде жауын-шашын болады (әсіресе қар жауады). Республиканың кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде боран соғуы мүмкін.


Маңғыстау облысында желдің күші 15-20, кей жерде 23 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында боран, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстанда 15-20 м/с жел соғып, боран, көктайғақ болады. Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстанда секундына 15-20 метрге дейін жел соғуы мүмкін, тұман түседі. Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің күші 18 м/с болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы