29 Тамыз 2026, 15:15 Фото: pixabay

277 келі: Атырауда бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді.

Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды.

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды, - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - дейді полицейлер.