2010 жылдан бері ЭКҰ арқылы 2700 бала өмірге келді – министр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бюджеттік ЭКҰ бағдарламасы арқасында елімізде 2010-2018 жылдар аралығында 2700 бала өмірге келді.
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда өтіп жатқан "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы" XI Халықаралық Конгресте айтты.
Министр жиын барысында елімізде тегін медициналық қызметтен өзге репродуктивтік денсаулық саласы да қолдау тауып отырғанын айтты.
Қазақстанда репродуктивті денсаулық бойынша ауруды ерте анықтау және оларға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Ана мен бала денсаулығы әрдайым мемлекет назарында. Оларға үшінші және төртінші деңгейлі алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
2 қарашаға дейін жалғасатын бұл шараға еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілері және 18 елдің репродуктивті технология саласындағы жетекші мамандары қатысып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Такси жүргізушісі зейнеткерді қайшымен қорқытып, тонап кеткен
Өзгелердің жаңалығы