27 шілдеде Қазақстанда күн райы қандай болады

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстік-батысты, солтүстікті тұман басады, - делінген хабарламада.

Күндіз Түркістан, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында +35+40°С ыстық болады деп болжанды.

Күндіз солтүстікте, Алматының орталығында, Маңғыстаудың оңтүстігінде, солтүстікте, оңтүстікте, Жетісу облыстарының орталығында + 42+43°С ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облысындарынжа, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында өрт қаупі өте жоғары болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы