27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, республиканың шығысында – қатты жауын-шашын жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстікте жаяу бұрқасын, оңтүстікте- дауыл болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан облысында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында түнде және таңертең көктайғақ болады. Маңғыстау облысында – кей жерлерде тұман күтіледі.