27 млн теңге қарыз: ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемеген
ШҚО Катонқарағай ауданында прокурорлар 27 млн теңгеден астам жалақының төленуіне қол жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей қойған.
Катонқарағай ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын талдау шеңберінде «АлтайКомхозСервис» КМК қызметінде еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.
Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы салдарынан 49 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқаны белгілі болды. Қадағалау актісі бойынша қызметкерлердің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 27,8 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын өңірлер белгілі болды.