27-ден 42-ге дейін: Бір сыныпта неше оқушы оқып жатқаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова 1-сыныптар бойынша бір сыныпта неше оқушы білім алып жатқанын айтты.

Биыл мектептерде 3,6 млн-ға жуық оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 1-сыныпта 390 мың оқушы бар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 мыңға көбейген (375 мың), - деп баяндады Гүлмира Кәрімова.
Сонымен қатар Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметі бойынша 1-сыныптарда сынып жинақтары былтырмен салыстырғанда 500-ге артық болды.
Бұған үшауысымдық мектептердің болуы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың күшейтілгені себеп болды. Ұлттық білім беру базасының деректеріне сәйкес Алматыда 28 сынып жинағы бар. Мұнда 27-ден 42-ге дейін оқушылар бар. Ақмола облысында бір сыныпта 27-ден 34 оқушыға дейін, Алматы облысында 27-ден 37-ке дейін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында да мұндай сыныптар бар, - деп атап өтті ол.
Сөзінше, 100-ден аса мектепте бір сыныпта 25-тен аса бала отыр.

Өз кезегінде министр Асхат Аймағамбетов бүкіл ел бойынша жинақталған ақпарат дұрыс еместігін айтып, мәліметті қайтадан тексеруді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы