260 мың теңге: Студенттердің стипендиясы өсті
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасованың айтуынша, 2020 жылдан бері елімізде студенттердің шәкіртақысы жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда бүгінгі күні шәкіртақы мөлшері екі есеге артқан. Ал биылғы оқу жылында студенттер өткен жылмен салыстырғанда шәкіртақыны 20 пайызға жоғары көлемде ала бастады.
Қазіргі таңда бакалавриат студенттеріне төленетін шәкіртақы мөлшері 52 мың теңгеден асады. Ал медицина және педагогика мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы 84 мың теңгеге жеткен, - деді Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар магистратура мен докторантурадағы шәкіртақы көлемі де ұлғайтылған. Атап айтқанда, магистранттарға төленетін шәкіртақы 117 мың теңгеден асады. Ал докторанттар 230 мыңнан 260 мың теңгеге дейін шәкіртақы алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы