260 миллионнан астам адамға кедейшілік қаупі төніп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі жылдағы оқиғалар онжылдықтардағы кедейшілікпен күресудегі барлық күш-жігерді кері қайтарды. Бұл туралы Оксфам халықаралық қауымдастығы мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Пандемия мен Украинадағы соғыстың салдарына байланысты биылғы жылы 260 миллионнан астам адамға кедейшілік қаупі төніп тұр. Бір миллиардқа жуық адам күніне екі доллардан азырақ ақшаға күн көреді. Бұл шамамен 800 теңге. Гуманитарлық апат аймақтарына Шығыс Африка, Сахель аймағы, Йемен және Сирия кіреді.

Әлеуметтанушылар азық-түлік шығындарының үлесі артқан сайын кедейшіліктің артқанын атап өтеді. Америка Құрама Штаттарында азаматтардың ең кедей санаттары азық-түлікке табысының үштен бірінен азын жұмсайды. Перуде бұл көрсеткіштер 60%-ға жетеді, ал Мозамбикте бұл сандар одан да жоғары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы