26 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылатыны ескертілді

Синоптиктер 26 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде және елордада ауа райы күрт өзгеретінін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада 26 желтоқсанда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 30 м/с және одан да көп болады деп болжанады. Боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті 30 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с құрайды. Қарағандыда түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) болады, облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар түседі, боран соғады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың басым бөлігіндегі екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді. Қостанайда қалың қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігіндегі екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтіледі. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз - 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан да көп.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с құрайды. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз өңірдің басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Павлодарда күндіз боран, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, батыс, батыста, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде және таңертең Ақтауда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, батыс, екпіні 18 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте, облыстың орталығында-тұман, көктайғақ. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні - 23 м/с. Түнде және таңертең Шымкентте қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең Түркістанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында синоптиктер тұман болады деп болжайды. Түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батыс, солтүстік, орталық бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Семейде күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Өскеменде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы