26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Тек республиканың солтүстік, орталық және шығысының кей жерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, түнде кей жерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар) күндіз жаңбыр жауады, кей жерде жел күшейеді, тұман күтіледі.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.