26 қарашаға арналған ауа райы болжамы
26 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігі суық солтүстік антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа температурасы күрт өзгереді. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады: кей уақыттарда мол қар жауып, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасы болады.
Жетісу облысында, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар болжанады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы