Бүгiн 2026, 21:10 Фото: pixabay

26 наурыз күніне арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталғанымен, кей өңірде ауа райы бұзылады.

"Қазгидромет" синоптиктері 26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кейбір өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің батыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Ал Солтүстік Қазақтанда жауын-шашын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көрініс деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және елдің орталығында желдің күшеюі байқалады.