26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстікте найзағай күтіледі, - делінген болжамда.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысында - тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/ с күшейеді.