25,5 триллион теңге: Қазақстандықтардың несие берешегі тағы да өсті
Кепілсіз тұтынушылық қарыздардың көбеюі есебінен тұтынушылық несиелер өскен.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы жылдың мамыр айында халыққа берілген несиелер портфелі 0,7%-ға ұлғайып, 25,5 трлн теңгені құрағанын хабарлады.
Атап айтқанда, кепілсіз тұтынушылық қарыздардың көбеюі есебінен тұтынушылық несиелер 0,5%-ға өсіп, 17,1 трлн теңгеге жеткен.
Халыққа берілетін кредиттер портфелі 2026 жылғы мамырда 0,7%- ға 25,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,8%-ға өсті), оның ішінде кепілсіз тұтынушылық қарыздың өсуі есебінен тұтынушылық қарыздар 0,5%-ға 17,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,5%-ға өсті), ипотекалық қарыздар - 1,5%-ға 7,3 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 5,3%-ға өсті), - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін шілдеден бастап азаматтар несиелерін бір төлемге біріктіре алатыны хабарланды.
- Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы 06:20
- Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды 04:28
- 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды 03:35
- Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады 00:28
- "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылады? Алматы әкімдігі жоспарды жариялады 11.09.2026
- Қанат Көпбаев: Көшпенділер ойындарындағы жеңіс – ұлттық спорттың биік деңгейін көрсететін маңызды жетістік 11.09.2026
- Алатау қаласын дамытуға жасанды интеллект қолданылады 11.09.2026