255 елді мекенді су басуы мүмкін – Төтенше жағдайлар министрі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 255 елді мекеннің су тасқынының астында қалуы мүмкін екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, мәселені алдын алу үшін өңірлерде облыстық, қалалық және аудандық комиссияларда 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді.

Полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды. Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй  және 700 мыңнан астам азамат, – деді Ильин Үкімет отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы