25 жылда Жезқазған қаласында тек бір ғимарат салынған - Әбдіғалиұлы
Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы 25 жылда Жезқазған қаласында бір ғана жаңа ғимарат салынды, ол 2021 жылы Мемлекет басшысы ашқан мектеп-интернат. Өкінішке қарай Қарағанды облысы кезінде басқа ештеңе соғылмады. Сол мектеп-интернаттың өзі толық аяқталмай, биыл 200 орындық жатақхана құрлысын бастап жатырмыз, - деді Берік Әбдіғалиұлы өңірде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар оның мәлімдеуінше, «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы бойынша Қабанбай батыр кентінде 300 орындық мектеп құрылысы жуырда басталды.
Осыған қоса айтарым, 6 ірі әлеуметтік саладағы нысандар құрылысы біраз жылдан бері аяқталмаған күйінде қалып отыр: Теректі станциясындағы 80 орындық мектеп, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы 2 балабақша, Сәтбаев қаласындағы Оқушылар сарайы, Ұлытау ауданының Жезді ауылындағы 160 орындық және Жезқазған қаласындағы 310 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Барлығын облыстық бюджет қаражаты есебінен аяқтайтын боламыз, - деді Ұлытау облысының әкімі.