25 жыл бұрын Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Архив фото

​​Астана, BAQ.KZ. Осыдан 25 жыл бұрын 1994 жылғы 14 ақпанда Вашингтонда Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядролық емес мемлекет ретінде қосылды.

Фотосуретте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары барысында, Шарттың депозитарийлерінің бірі ретінде АҚШ Президенті Билл Клинтонға Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу бойынша ратификациялау құжаттының көшірмесін ұсынуда.

Ядролық қаруды жоюға және оны таратпау режимін нығайтуға бағытталған Елбасының көреген саясаты халықаралық қоғамдастықпен мойындалып, еліміздің ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жаһандық көшбасшылығын бекітті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы