25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні еліміздің кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
25 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде Атлант мұхитынан келген антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқталуы мүмкін. Тек еліміздің солтүстік және шығыс бөлігі әлі де фронталды ағын ықпалында болғандықтан, қар жаууы ықтимал. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел күшейеді.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел күшейіп 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Атырау, Ақтөбе, түнде Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді, шаңды дауылға ұласуы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.
Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.