Бүгiн 2026, 21:19
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
25 тұрғын эвакуацияланды: Астанада тағы да пәтерден өрт шықты
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Астана қаласында құтқарушылар жедел әрекет етіп, тұрғын үйдегі өрттің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Астана қаласындағы Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады.
Өрт төртінші қабаттағы пәтерде орын алған. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалын шағын аумақта сөндіріліп, оның өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Оқиға кезінде 25 тұрғын, оның ішінде 7 бала өз бетінше эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. ТЖМ мамандары тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.