25 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, шығыстың кей жердерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.
Тек республиканың оңтүстігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Атырау, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.