4 Қараша 2023 2023, 21:41
25-қабаттан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарып қалды
Ақтөбеде 25-қабаттан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбеде 25-қабаттан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
3 қарашада оқыс оқиға болды: қаланың 11-шағын ауданында орналасқан "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан полицейлер 25-қабаттан секірмек болған адамды байқады.
Полиция дереу әйел адамға жақындады. Ол қатты эмоциялық күйде болған және өзіне ешкімді жақындатпаған. Қызметкерлер бірден онымен сөйлесіп, тыныштандыруға кіріскен.