2,5 мыңдай автокөлік ауа райы қолайсыздығынан жолда қалды
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдарда 2489 автокөлік тұрып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ “ҚазАвтоЖол” компаниясына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
- Абай облысында - 9 учаске (1243 км)
- Ақмола облысында - 27 учаске (2201 км)
- Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км)
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
- Атырау облысында - 1 учаске (9 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
- Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км)
- Қарағанды облысында - 8 учаске (1158 км)
- Қостанай облысында - 11 учаске (1508 км)
- Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
- Павлодар облысында - 9 учаске (1624 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 км)
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
- Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ауған отын кешкендер»: Астана мен Алматыда ерекше көрме өтті
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы