25 мың теңгеден бастадым. Министр 120 мың теңге жалақы жайында

120 мың теңге айлыққа өмір сүруге бола ма? Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұның бірнеше классификациясы бар. Орташа жалақы 350 мың теңге болса, ол бүкіл Қазақстан бойынша орташа көрсеткішпен алынып отыр. Себебі, кейбір шахташы 700 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алады. Бұл - жұмысшының жұмысына, мамандығына байланысты. Әрине, 120 мың теңге жалақыға өмір сүру қиындау, бірақ жас мамандар төмен жалақыдан бастайды. Мысалы, мен өзім 2005 жылы 25 мың теңге айлықпен бастадым, - деп жауап берді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ Қуантыров азаматтарға тек мемлекетке сенбей, әр адам өз-өзіне қаржы салу керегін айтады.

Классификацияны көтеру қажет. Зейнетақы қоры мен МӘМС жүйесінің сақтандыру қорына тиісті қаражат салынуы керек. Мемлекетке сенбей әр адам өзін-өзі қаржыландырған жөн. Осылайша мемлекет пен азамат бір-біріне көмектеседі, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жастардың 120 мың теңгеден жалақысы кем болса жұмысқа тұрғысы келмейтінін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов Үкімет
Өзгелердің жаңалығы